Мәдени серуен: Шәкірттер облыстық тарихи-өлкетану музейінде

Мәдени серуен: Шәкірттер облыстық тарихи-өлкетану музейінде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы Үсенова Зейнептің ұйымдастыруымен жазғы сауат ашу курсында білім алып жатқан 70-ке жуық шәкірт қыздар және тәжірибеден өтуші студент қыздар Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне мәдени серуен жасап қайтты.

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі – өткен тарих пен қазақ мәдениетін түгелдей көрсететін бірден-бір мәдени ошақ. Музей қорында коллекция едәуір көбейіп, сирек кездесетін экспонаттар пайда болған.  Сондықтан музейге келушілер саны да жылдан-жылға артып келеді. Сол келушілердің бірі осы жолы мешітіміздің шәкірттері болды. Шәкірттер музей ішіндегі  этнографиялық, археологиялық, нумизматтық, т.б., сонымен қатар құжаттар, суреттер, өнер жиынтықтары сақталған жәдігерлерді тамашалады.  

Музейге барар жолда шәкірттер Тараз қаласындағы 11 ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткіші саналатын «Қарахан»  кесенесіне де ат басын тіреп, естелікке суретке түсті. Зейнеп ұстаз Қарахан баба мен Айша бибі туралы, Қарахан тұсындағы Ислам дінінің жағдайы туралы шәкірттерге біраз мәліметтер ұсынды.

«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: