Мың адамға арналған қайырымдылық Шу ауданында жалғасын тапты

Мың адамға арналған қайырымдылық Шу ауданында жалғасын тапты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аптаның алғашқы күні өңіріміздегі кейбір әлеуметтік аз қамтылған отбасылар үшін жағымды жаңалықпен басталды. Нақты атап айтар болсақ, облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр қажы Әлимұхамедұлының бастамасымен және ҚМДБ-ның облыстық филиалы жанындағы Зекет қорының қолдауымен облыс көлемінде 1000 адамға қайырымдылық акциясы ұйымдастырылған болатын. Осыған орай, әр ауданнан әлеуметтік аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі, көп балалы отбасылардан құралған 50 отбасына қайырымдылық көмек көрсету жоспарланған.

Осыған орай, Астана күні мерекесі қарсаңында Шу аудандық «Төле би» мешітінің бас имамы Аят қажы Дыбысұлының ұйытқы болуымен орталық мешіт алаңында жоғарыда аталған санатқа жататын 50 отбасына азық-түлік таратылды. Мешіт тізіміне әлеуметтік жағдайы төмен 100 ден аса адам тіркелген. Біз бүгінгі қайырымдылық шарасына соның ішінен көмекке аса мұқтаж 30 отбасын іріктеп алдық. Қалған 20 отбасы ауылдық округтердің тұрғындарына таратылды.

«Сіздерді зекеттің парыз екенін түсінетін жомарт азаматтардың барына шүкіршілік етіп, дұға қылуға шақырамын. Баршаларыңызға иманның байлығын тілеймін. Жаратқан Иеміз сіздерді де зекет алатын емес, беретін күнге жеткізсін», -  деді өз сөзінде Аят Дыбысұлы.

Аты-жөндері аталған көмек алушылар өздеріне тиесілі азық-түлікке толы қапты кезекпен алып, осындай игі іс-шараны ұйымдастырушы облысымыздың өкіл  имамы Данияр Жұмабаевқа, Зекет қорына және Шу аудандық «Төле би» мешітінің ұжымына алғыстарын білдіріп, баталарын берді.

                                                                                                                        

Шу аудандық «Төле би» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (2)

Оқи отырыңыз: