Жазғы сауат ашу курсы аяқталды

Жазғы сауат ашу курсы аяқталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

1-маусым  күні өз жұмысын бастаған  аудандық «Қордай» мешіті жанындағы жазғы діни сауат ашу курсы өз жұмысын аяқтады. Курстың жабылу рәсіміне Қордай ауданының  бас имамы Д.Жандосұлы, наиб имам А.Сатылғанов, мешіт ұстазы З.Жұмабайұлы шәкірттер, ата-аналар және өзге де қонақтар қатысты.  

Алдында хабарлағанымыздай курсқа қатысушылардан емтихан алынып,  өзінің жақсы тәртібімен, үздік оқуымен көзге түскен шәкірттер анықталды. Емтихан қорытындысы бойынша 12 бала жақсы көрсеткіш көрсетсе, 9 балаға өз топ ішінен 1, 2 және 3 орындар берілді, үш шәкіртке ынталандыру сыйлықтары,  қалған шәкірттерге де естелік сыйлықтары таратылды.

Өз топтарында үздік болған үш шәкіртке велосипедтер сыйға тартылса, қалғандарына ақшалай сыйлықтар үлестірілді. Шәкірттерге, сабақ берген, мешітімізде тәжірібиеден өтіп жүрген ұстаздарға да алғыс айтылды.

Діни ғылымның маңызын түсіндірген Д.Жандосұлы, қатысушыларға алғыс хаттар мен сыйлықтарын үлестірді.

 

Аудандық «Қордай» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: