Жат ағымдардың алдын алу мақсатында кездесу өтті

Жат ағымдардың алдын алу мақсатында кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық «Төле би» мешітінің наиб имамы Талғат Кәрібайұлы және ауыл әкімдігінің орынбасары Б. Асатовтың ұйымдастыруларымен ауданымыздағы біршама мекемелерде, аудандық емханада, мектеп, колледждерде, сондай-ақ аудандық кітапхана мен аудандық «Төле би» мешітіне қарасты ауылдық мешіттерде, сонымен қатар 23 ауылдық округтерде кереғар діни ағымдардың алдын алу мен  толеранттылықты насихаттау мақсатында бір шама жұмыстар жүргізілді.

«Ымды түсінбеген, дымды түсінбейді» деген дана халқымыз, дінді өз беттерінше түсініп, Исламның құндылықтарын ұстаздан емес көшеден алып, білімді де білікті имамдарымызға тіл тигізіп, оларды бидғатшыға шығарып, халықтың бірлігін бұзып, Ислам дініне кір жағып, адасып жүрген бауырларымыз өкінішке орай қазіргі таңда көптеп кездеседі.

Шу аудандық «Төле би» мешітінің наиб имамы Талғат Кәрібайұлы және ауыл әкімдігінің орынбасары Б. Асатов Шу аудандық қаржы бөліміне ат басын тіреп, кері ағымдардың алдын алу мақсатында кездесу өткізіп қайтты. Наиб имам Талғат Кәрібайұлы өз кезегінде уахабия ағымының  шығу тарихы, оның зияны мен зардаптары жайында және одан құтылудың жодарын екжей-текжейлі түсіндіріп өтті.

Дін мемлекеттің негізін құраушы ең маңызды факторлардың бірі болғандықтан, ішкі тұрақтылықтың да кепілі. Жиылған жұрт өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, оған тұшымды жауаптарын алды.

                                                    

                                                        Шу аудандық «Төле би» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: