Қайырымдылық керуені Тараз шаһарынан Қордайға жетті

Қайырымдылық керуені Тараз шаһарынан Қордайға жетті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айының сауапты да, ізгі істерінің шарапаты мүбәрәк ай аяқталса да сезілуде. Олай дейтініміз  Тараз қаласынан бастау алған облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің ұйымдастыруымен 1000 адамға жасалынған қайырымдылық Қордай жерінде де өз жалғасын тапты.

Жарты жылдық қорытынды жиналыста өкіл имам Данияр қажы Жұмабаев мырзаның тапсырмасына орай әр ауданға бөлінген  қайырымдылық заттары ауданымыздың ауылдарына да таратылды.

Көмек беру барысында аудан бас имамы Д.Жандосұлы сауапты іс жайлы жан-жақты ақпарат беріп, облыстық мешіттің қамқорлығын атап өтті. Қордай ауданы бойынша  14 ауыл округіндегі 50 отбасына таратылып берілді. Рамазанның шарапатын сезініп, көмек алған халық дін қызметкерлеріне дән риза болып тарқасты.

Аудандық «Қордай» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: