«Дін және қоғам» тақырыбында бас қосу өтті

«Дін және қоғам» тақырыбында бас қосу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ата Заңымызда дін мен мемлекет бөлек дегенімізбен біз бір қоғамда, шаңырақта өмір сүрудеміз, бөліп жару мүмкін емес. Дін жеке тұлға және қоғамның құтқарушы хабары болып табылады.  Ақыл-ес және нақли дәлелдерге негізделген иман, кең пейілді ықыласпен Аллаға жасалған құлшылық ғибадаттар арқылы адам жүрегін және ойларын жамандықтардан тазартып, қоғамға да бейбітшілікпен тыныштықта өмір сүру мүмкіндігін ұсынады.

Шу аудандық  №13 өрт сөндіру мекемесінде Шу аудандық «Төле би» мешітінің наиб имамы Талғат Кәрібайұлы, Ауыл әкімдігінің орынбасары Б. Асатов және «Өрт сөндіру бөлімі азаматтық қорғау» майоры М. Абдықалықовтың қатысуымен аталмыш тақырыпта бас қосу өтті.

Шу аудандық Төле би мешітінің наиб имамы Талғат Кәрібайұлы алқалы жиынға қатысқан қызметкерлерге: «Ислам діні мейірімділіктің нышаны, екі әлем бақытына жетелейтін ханиф дін тура жолдың бастауы. Ислам діні біздерді ойлануға, іздену мен үйренуді бұйырады. Ақыл мен ғылымға сүйенеді. Ислам тұрақты және әлемдік өркениет дін. Халқына адал қызмет қылып, табысқа қол жеткізуді діттейді. Басшыға бағынудың халық еншісіндегі нәрсе екендігіне сүйенеді, ал басшы халық егемендігінің өкілі болып саналады. Бұл тұрғыдан қарағанда заңдар барлығына бірдей тең түрде жүзеге асырылады, Алла алдында қабыл болатын дін тек Ислам», -  деп өз сөзін жеткізді.

Осындай игі-іс шараға қатысқан жұмысшылар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

                    

                                                             Шу аудандық «Төле би» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: