Қордай имамдары жарты жылдықты қорытындылады

Қордай имамдары жарты жылдықты қорытындылады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айында және жыл басынан бері атқарылған жұмыстарды қорытындылау үшін, кейбір кемшіліктердің болдырмас мақсатында және жақсылықта жарысу үшін  Қордай ауданы бойынша қызмет атқарып келе жатқан мешіт имам-молдалары аудандық мешітте кезекті алқалы жиында бас қосты.

Жиын төрағасы Д.Жандосұлы  аудан бойынша мешіт қызметкерлерінің атқарған іс-шараларына тоқтап, әрбір істі түйіндеп, жұмыс қарқыны баяу жүріп жатқан мешіттердің хал ахуалымен танысып, себебін анықтады. Атқарылған іс аз еместігін сөз еткен аудан бас имамы қол жеткізген нәтижеге тоқтап қалмай, Жаратушы разылығы үшін атқарылып жатқан істердің  қарқынын бәсеңдетпеуді тапсырды. 2-ші тоқсан бойынша бесін және ақшам уағыздарын ҚМДБ тапсырмасына орай бір күнін кешіктірмей, сапалы өткізген Сарыбұлақ ауылдық «Сахаба» мешітінің молдасы Серік Рахымбаевқа демеушілердің қаржыландыруымен  ақшалай сыйлық табыстаса, қасиетті Рамазан айында «ең мейірімді имам» атанып, қайырымдылық іс-шараларын көптеп атқарған Кенен ауылдық мешітінің имамы Саят Рахимовқа алғыс хатпен, қаржылай сыйлық және жарты жылдық қорытынды бойынша «ең  мейірімді имам» атанған Бетқайнар ауылдық мешітінің молдасы Нұрлан Жиенбаевқа қаржылай сыйлық пен қоса алғыс хатпен марапаттады. Ең бағалы сыйлық кітап демекші,  Масаншы, Сортөбе мешіт имамдары арасында жақсы нәтижеге көрсете білген Яргубе Мезеров пен Ханхан Леджер имамдарға  ҚМДБ төрағасы,  Бас Мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің авторлығымен шыққан үш тілді кітапты сыйға тартты. 

Еңбектері ескерілген имамдар өз алғыстарын жеткізді. Осылайша Қордай имамдары Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің «өзіңнен баста» үндеуіне ат салысып, нәтижелерді қорытындылады.

Аудандық «Қордай»  мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: