Қордайдағы Ораза айт

Қордайдағы Ораза айт

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Биыл да жылда қалыптасқан дәстүр бойынша аудандық «Қордай» мешітіндегі Ораза айт намазына халық көп жиналды. Олардың арасында ақсақалдар, әже-апалар, орта буын ағалары, әр түрлі сала қызметкерлері жастардың қатары да мол болды. Айт күндері мейірім-шапағат, рақымшылық, достық сезімдерін тудыратын уақыт. Айт күндері адамдардың рухы шаттанады, күнделікті күйбең тіршіліктен жабырқау тартқан көңілдері жадырап, бір сергіп қалады.

Мұнда бас қосқан мұсылман қауымның алдында аудан бас имамы Д.Жандосұлы сөз сөйлеп, Ораза айтының өзіндік ерекшелігіне кеңінен тоқталды. Уағыз айтып, жұртшылықтың көкейінде жүрген мәселелер жөнінде де ойын ортаға салды. Қадірлі мерекеге арнайы жиналған жерлестерімізді қасиетті Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтады. Әрбір отбасына шадыман-шаттық, ырыс-береке тіледі.Жиналған жамағат мешіттің екі қабатына, бастырмасына қоса сыймай, мешіт ауласына лық толды.

Мешіт ауласында шатыр тігіліп, мешіт қызметкерлері ұлттық нақышта киініп, мерекелік дастархан жасалында. Дастархан төрінде ұлттық сусындар қымыз бен шұбаттан ағак буын дәм татса, жастар жағы шоро сусынан сусындады. Ыстық бауырсақ пен құрма да дастарханға қойылып, жиналған әлеумет ауыз тиіп, дән риза болды.

Облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің ұйымдастырыуымен Қордай-Тараз қоғамдық көлігінде де ұлық мерекеге орай жол жүру тегін болды. Д.Жандосұлы жолаушыларды айт мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін айтып, дұға жасады.

Аудандық «Қордай» мешітінің
Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: