Мұқтаж отбасыларға ірі қара мал сыйға берілді

Мұқтаж отбасыларға ірі қара мал сыйға берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бастамасымен  «Ислам  және отбасы» жылына орай және айт мерекесі құрметіне  Қордай ауданының дін қызметкерлері «Мейірімділік шуағы» науқаны қолға алған болатын.

Іс-шара ұйымдастырушы бас имам Дәуренбек Жандосұлы, науқанның мақсаты осы Рамазан айында бір мұқтаж отбасының үлкен зәрулігін шешіп беру, көмек алған отбасы жадында Рамазан жайлы жылы сезім мен жақсы ой қалыптастыру деп түйіндеді.

Міне осы іс-шара барысында «Бетқайнар» ауылдық мешітінің имамы Жиенбаев Нұрлан демеушілер көмегімен мұқтаж отбасына, сауынды сиыр бұзауымен табыс етсе, «Кенен» ауылдық мешітінің имамы науқанға қолдау жасап, мұқтаж отбасыға тана малын сыйға тартты. Әлбетте қасиетті айдағы аталмыш көмек,  ұзақ мерзімге жасалынған іс екенін түсінген отбасылар өз қуаныштарын жасыра алмады.

Аудандық «Қордай» мешітінің Баспасөз қызметі

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: