Жамбыл облысының әкімі Асқар Исабекұлы облыстық «Әйелдер-қыздар» секторына ауызашар берді

Жамбыл облысының әкімі Асқар Исабекұлы облыстық «Әйелдер-қыздар» секторына ауызашар берді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін қасиетті Рамазан айының соңғы күнінде облыс әкімі Мырзахметов Асқар Исабекұлы  Жамбыл облысы бойынша «Әйелдер-қыздар» секторына ауызашар дастарханын жайды. Отырыс барысында облыс әкімі Асқар Исабекұлы жиналған жамағатты қасиетті Рамазан айының аяқталуымен және Ораза айт мерекесімен құттықтап, жылы лебізін жеткізді.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің Бас имамы Данияр қажы Әлимұхамедұлы дастархан басына жиналған нәзік жандыларды келе жатқан Ораза айт мерекесімен құттықтап, Рамазаннан Рамазанға аман-есен, ауызбіршілікте жете беруілерін тіледі.

Ауызашардың алдында әйел жамағатына кішігірім ойын түрінде сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендерге сыйлық ретінде 2018 жылы жаңа нұсқада басылып шыққан Құран кітаптары мен облыстық драма театрда өтетін қойылымға тегін билеттер берілді.

Жамбыл облысы бойынша «Әйелдер-қыздар» секторының жетекшісі, «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы Үсенова Зейнеп бастаған ұстаздар қауымы және 150-ге жуық әйел шәкірттердің қатысуымен өткен бұл ауызашар өте жоғары деңгейде өтіп, естен кетпес әсерімен есте қалды.

Ауызбіршілік пен  ынтымақтың бір көрінісі болған бұл ауызашарда ақжаулықты әжелер қауымы облыс әкімі Асқар Исабекұлының игі ісіне сүйсіне отырып, үлкен алғыстарын айтып, ақ баталарын берді.

 

«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: