1000 отбасына арналған қайырымдылық Тараз қаласынан бастау алды

1000 отбасына арналған қайырымдылық Тараз қаласынан бастау алды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қоғамда күнделікті жиі қолданылып отыратын дана сөздерінің бірі: «Кең болсаң – кем болмайсың» деудің  мәніне үңілсеңіз адам бойындағы жомарттық, қайырымдылық қасиеттерді меңзеп отырғанын білесіз. Асыл дініміздің өзі адам баласын мейірімді, қайырымды болуға үндейді.

Бүгін Жамбыл облысы бойынша «Зекет» корпоративтік қор өкілдігінің қолдауымен және облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің ұйымдастыруымен «Рамазан шарапаты» атты 1000 отбасына арналған қайырымдылық шарасы өтті.

Жалпы, Жамбыл облысы бойынша өткізіледі деп жоспарланған 1000 отбасына арналған бұл қайырымдылық шарасы бүгін Тараз қаласынан бастау алып отыр. Осыған орай, орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде 350 отбасына арнап 30 кг ұн, макарон, күріш, 5 л сұйық май, 4 кг тауық еті т.б. азық-түлік, тұрмыстық химия заттары салынған сөмкелер таратылды.  Жалпы, осы шарада көмек алған әр 350 отбасына 10 000 теңгеден ақша жұмсалса, 1000 отбасына 10 миллион теңге қаражат жұмсалмақ.

Ал, қалған 650 отбасына облысымыздың өзге де аудан, ауылдарында қайырымдылық көмек берілетін болады.

Іс-шара барысында орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр қажы Әлимұхамедұлы көмек алушы әр отбасына Алладан амандық пен береке тілеп, шара соңында облыстық «Jambyl» телеарнасына осы іс-шара туралы сұхбат берді.

Алла үйінде қуанышқа кенелген мұқтаж жандар осы игі шараны ұйымдастырған «Һибатулла Тарази» мешіті мен «Зекет» корпоративтік қор өкілдігіне шексіз алғыстарын айтып тарасты.

Екі мекеме осы уақытқа дейін де бірлесе отырып бірнеше қайырымдылық шараларды өткізген болатын. Бүгінгі іс-шара да соның бір жалғасы болды. Алланың қалауымен, алдағы уақытта да бұл игі іс жалғасатын болады.

«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (2)

Оқи отырыңыз: