Қадір түнінде жүлделер табысталды

Қадір түнінде жүлделер табысталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазрет еліміздің мұсылман қауымы үшін 2018 жыл – «Ислам және Отбасы» жылы деп жариялаған болатын. Осыған орай, Шу қалалық «Жәми» мешіті 25-сәуір мен 25-мамыр аралығында ауданда оқушы ұл және қыздар арасында шығармашылық бәйге жариялаған.

Шығармалар сайысының тақырыбы: «Ата – анаға құрмет,  мұсылмандық міндет».

Бүгінгі қасиетті қадір түнінде Шу қаласының бас имамы Қуат қажы Дүйсенбайұлы бәйгенің қорытындысын жариялап жүлделерін табыстады.

1 - орын – Азамат қызы Перизат Сейфуллин орта мектебінің 9-сынып оқушысы 30 000 мың теңге, смарт сағат.

2 - орын – Дүйсенбай Әмина «Төле би» мектебінің 9-сынып оқушысы 20 000 мың теңге, смарт сағат.

3 – орын – Қабылбай Дәурен «Төле би» мектебінің 8-сынып оқушысы 10 000 мың теңгені иеленді.

Ынталандыру сыйлығы ретінде Ербол ұлы Абдулмаликке 5000 теңге ақшалай сыйлық берілді.

Бас имам оқушыларға алдағы уақытта шығармашылық табыс тілеп, батасын берді.

 

Шу қалалық «Жәми» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: