Иерусалимде АҚШ елшілігінің ашылуына байланысты азанға тыйым салынды

Иерусалимде АҚШ елшілігінің ашылуына байланысты азанға тыйым салынды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Иерусалим мешіттерінде күніне бес уақыт Аллаға құлшылық етіп, намаз оқуға шақыратын азанға тыйым салынды.

Қала әкімшілігі бұл шешімді 14 мамыр күні АҚШ елшілігінің ашылу рәсіміне байланысты қабылдап отыр.

Ал Палестина тұрғындарының айтуынша, азанға тыйым салу – бұл тікелей дін ұстану еркіндік құқығын бұзу болып табылады.

Дін және қорлар ісі жөніндегі министр Юсуф Эдистің айтуына қарағанда, Израиль азанға тыйым салу арқылы іс жүзінде Иерусалим мұсылмандарының құқығына шек қоюға тырысып отыр.

Естеріңізге сала кетсек, бұрын Тель-Авивте орналасқан АҚШ елшілігінің Иерусалимге ауыстырылуы - жаңа қарсылық ағынын тудырып, Газа секторы шекарасындағы жағдайды ушықтыра түсті. Қақтығыс салдарынан 59 палестиналық қаза тапты, соның ішінде бір бала бар.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: