Мұсылман көшбасшылары «Талибан» идеологиясына қарсы тұруда

Мұсылман көшбасшылары «Талибан» идеологиясына қарсы тұруда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дін қызметкерлері талибтерге қарсы тұруда.

Жуырда Джакарта қаласында Ауғанстан, Пәкістан және Индонезия елдерінің діни көшбасшылары бас қосатын үш жақты конференция басталады.

Басқосудың басты тақырыбы - Ауғанстанда жүріп жатқан көп жылдық соғыстан шығу жолдарын қарастыру болмақ.

Кездесудің нәтижесі бойынша пәтуа шығарылуы тиіс, мұсылман дін басыларының үміт артуына қарағанда, аталмыш пәтуа лаңкестік топтасуларды келіссөзге келулеріне көмектеспек.

Алайда сарапшылар алда өткелі отырған конференцияның нәтижесі жемісті болады деп айта алмайды, өйткені «Талибан» бұл басқосуды «ислами емес» деп тауып, оған қатысудан бас тартқан.

Дегенмен, олардың пікірінше, бұл конференция аталмыш топтасуларға айтарлықтай зиян тигізері хақ, өйткені беделді дін қызметкерлерінің шығарған пәтуасы «Талибан» және сол сияқты топтасулардың жасап жүрген әрекеттеріне деген шынайы Исламның кезекті қарым-қатынасын айқын көрсетпек.

аsyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: