Канадалық министрдің шалмасын шешуге тырысқан АҚШ азаматының басы дауға қалды

Канадалық министрдің шалмасын шешуге тырысқан АҚШ азаматының басы дауға қалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Канадалық министрдің шалмасын шешуін өтінген Детройт әуежайына қарасты қауіпсіздік қызметі қызметкерінің қылығы үшін АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің өкілдеріне кешірім сұрауға тура келген. 

2017 жылы орын алған аталмыш оқиғаны La Presse француз газетіне берген сұхбатында Канаданың ғылым және экономикалық даму жөнінен министрі Навдип Бэйнстің өзі айтып берген.

Сикхизм дінін ұстанушы министрдің айтуынша, әуежайдағы барлық стандартты тексеруден өтіп болған соң күзетші оның бас киімін шешуін өтінген. Осы жерде айта кету керек, қауіпсіздік ережелеріне сай, сикхтар бастарындағы шалмаларын шешпеулеріне болады.

Өз кезегінде, министр дипломатиялық құжатын көрсетіп, өз лауазымын айтуға мәжбүр болған.   

«Менің кім екенімді түсінген соң ғана, олар мені жайыма қалдырды. Қауіпсіздіктің қаншалықты маңызды екенін түсінемін, бірақ ереже сақталып, соған сай әрекет ету керек», - деп атап өткен министр.

Естеріңізге сала кетсек, қазіргі таңда Канада үкіметінде төрт сикхизм дінін ұстанатын министр қызмет етуде.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: