«Russia Halal Expo» мұсылмандарға арналған саяхаттар ұсынды

«Russia Halal Expo» мұсылмандарға арналған саяхаттар ұсынды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Ресей – Ислам әлемі: KazanSummit» Халықаралық экономикалық саммиті аясында өтіп жатқан Russia Halal Expo көрмесінде мұсылмандарға арналған туристік өнімдер ұсынылды. 

ТАСС ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында Өзбекстан турфирмаларының бірінде бас менеджер болып қызмет істейтін Санжар Айходжаев Қазан қаласында өткен көрмеден кейін Орталық Азия елдеріне келетін Ресей туристерінің саны күрт өсетіндігіне сенім білдірді. 

Оның айтуынша, қазіргі таңда Өзбекстан халқының 80% мұсылмандар құрайды екен, яғни, бұл елде халал индустрия аса жақсы дамыған.

Ислам дінін ұстанушыларға қасиетті жерлерге баруға арнайы саяхаттар әзірленген, ал халал туризмді дамыту бағдарламасына мемлекет деңгейінде қолдау көрсетілуде. 

Айходжаевтің айтуына қарағанда, Өзбекстан туристерге аса қызықты болуы мүмкін, өйткені бұл жер – беделді Ислам ғалымы имам Бұхаридің отаны болып табылады.  

Бүгінде Ташкент, Самарқанд, Бұхара мен Хиуа қалаларында орналасқан мұсылмандар үшін қызықты болып табылатын діни нысандарға саяхат жасау құны шамамен 370 долларды құрайды.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: