Татарстан астанасында KazanSummit 2018 басталды

Татарстан астанасында KazanSummit 2018 басталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазан қаласында ондаған мұсылман елдерінің кәсіпкерлерінің басы қосылды. Татарстан астанасы Қазанда «Ресей – Ислам әлемі: KazanSummit» Х Халықаралық экономикалық саммиті басталды.

Ауқымды шараға Татарстан президенті Рустам Минниханов, ИЫҰ-ның бас хатшысы Юсеф Усаймин, сондай-ақ, Ислам  ынтымақтастық ұйымына қатысушы-елдердің министрлері мен әлемнің ондаған елдерінің кәсіпкер-қауымдастығының өкілдері қатысуда. Жалпы алғанда, шамамен үш мыңдаған делегаттар қатысады деп күтілуде.

Форумның басты шараларының бірі Russia Halal Expo көрмесі болмақ, бұл көрмеде өндірушілер өз халал өнімдері мен қызметтерін  ұсынатын болады.

Сонымен қатар, ИЫҰ-ның қатарына кіретін елдердің жас кәсіпкерлері ауқымды жобаларды, ұлттық халал стандарттарын және бизнестегі қыз-келіншектердің рөлі әрі ресей-мысыр қарым-қатынасы турасындағы мәселелерді талқылайтын бірқатар конференциялар мен дөңгелек үстелдер өткізеді деп жоспарлауда.

аsyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: