ҚМДБ делегациясы Вашингтон қаласында (ФОТО)

ҚМДБ делегациясы Вашингтон қаласында (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ делегациясының АҚШ-тағы сапары Вашингтон қаласында жалғасты. Сапар аясында Діни басқарманың қызметкерлері Құрама Штаттардың Мемлекеттік департаменті, Орталық Азия және Қазақстан бөлімшелерінде жоғары лауазымды тұлғалармен кездесіп, пікір алмасты.

Экстремизмге қарсы күрес, демократия, заң үстемдігі, тиімді басқару, жастардың өкілеттіктерін кеңейту, сондай-ақ Орталық Азиядағы экономикалық ынтымақтастық бағдарламалары туралы мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ, дін қызметкерлері Вашингтондағы PEW зерттеу орталығында өткен брифингке қатысты. Брифингте АҚШ мұсылмандарына қатысты 2017 жылы жүргізілген зерттеулердің нәтижесімен танысқан делегаттар бұл кездесуді ағартушылық кездесулердің бірі ретінде атап өтті.

ҚМДБ делегациясы Вирджиниядағы ADAMS орталығында Имам Абдул Рафамен кездесті. Бұл орталықтың Вирджиния мен Техас қалаларында бірнеше мекемені іске қосқандығын айта кеткен жөн. Оның ішінде мектептер, денсаулық орталығы, жастар және әйелдер бағдарламалары, білім беру, әл-ауқат және құқық қорғау орталықтары да бар.

Сонымен қатар, ҚМБД делегациясы Джорджтаун университетінде өткен «АҚШ-тың мемлекеттік мектептеріндегі діндерді оқыту және АҚШ-тағы исламафобия-2018» тақырыбында өткен екі семинарға қатысты.

Семинарда Америкадағы ислам тарихы, адам құқығы жөніндегі заң жобалар сонымен қатар, Америкадағы діни дәрістердің өткізу ережесі баяндалды. Діни басқарма өкілдері GTU Bridge Initiative атты бірнеше жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан ғылыми орталық мамандарының дәрісін тыңдады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)