Қыз-келіншектердің көлік жүргізуіне рұқсат берілген күні белгілі болды

Қыз-келіншектердің көлік жүргізуіне рұқсат берілген күні белгілі болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауд қыз-келіншектері тұңғыш рет көлік жүргізетін болады.

Осы жылдың 24-ші маусымынан бастап нәзік жандылар Сауд Арабиясы аумағында автокөлік жүргізу құқығына ие болады. Бұл жөнінде корольдіктің транспорт министрі Мұхаммад әл-Басами мәлімдеді.

Оның айтуына қарағанда, «барлық дайындық шаралары сәтті аяқталған». Жуырда елде қыз-келіншектерге арналған бес автомектеп ашылатын болады, сәйкесінше, көлік жүргізу куәлігін шетелдерде алған әйелдер нұсқаушы ретінде қызмет етеді.

Естеріңізге сала кетсек, Сауд Арабиясы осы күнге дейін қыз-келіншектерге көлік жүргізуге тыйым салып келген әлемдегі тұңғыш ел болып табылған. Өткен жылдың қыркүйегінде қол қойылған Салман корольдің жарлығы бұл жағдайды түбегейлі өзгертті.

аsyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: