Құранды «өзгерту» жөніндегі үндеу халықаралық жанжалға ұласуы мүмкін

Құранды «өзгерту» жөніндегі үндеу халықаралық жанжалға ұласуы мүмкін

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Францияда Құран аяттарының жартысын алып тастауға үндеу тасталған.  

Әлем мұсылмандары Le Parisien француз газетінде жарық көрген манифест төңірегінде өз наразылықтарын танытуда.

Үш жүзге жуық танымал саясаткерлер, қоғам қайраткерлері мен ғалымдар, соның ішінде, Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози мен бұрынғы премьер-министрі  Мануэль Вальс қол қойған құжатта мұсылмандардың Қасиетті Кітабы – Құран «зорлық-зомбылықты тудырады» өйткені «еврейлерді, мұсылмандарды және иман келтірмегендерді өлтіруге үндейді» делінген.

Манифест авторлары әлем мұсылмандарының діни басшыларын Құранның осы аяттарын өзекті емес деп тауып,  оларды Қасиетті Кітаптан алып тастауға үндеуде, олардың ойынша, сонда ғана «бірде бір иман келтірген адам қылмыс жасау үшін қасиетті мәтінді сылтау етпейтін болады».

Ал мұсылман дін қызметкерлері болса тек Құранның түсіндірілуі ғана дұрыс болмауы мүмкін, бірақ Құранның өзі «ескірген» болуы мүмкін еместігін айтып отыр. Сондай-ақ, француз имамдары радикалдық идея мен лаңкестік әрекеттердің таралуымен күресуге тек осы Құран ғана көмектеседі деп атап өткен. Олардың айтуынша, тек дұрыс Ислам білімі ғана экстремизмнен сақтанудың өзіндік бір қорғанышы болып табылады.

Мұндай манифестердің тиімсіз және исламофобиялық болмысы жөнінде бірқатар әлем көшбасшылары, соның ішінде, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған да өз ойын айтып өткен болатын.

аsyldin.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: