Бəйдібек жамағаты жаңа молдамен танысты

Бəйдібек жамағаты жаңа молдамен танысты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті жұма күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Бас Мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бұйрығымен, Шу ауданы "Төле би" орталық мешітіне қарасты, Бəйдібек ауылы "Бəйдібек" мешітіне Дүйсебаев Бақытжан Бауыржанұлы молда болып тағайындалды.

Шу аудандық "Төле би" мешітінің наиб имамы Талғат Кəрібайұлы Бəйдібек ауылының жамағатына жаңа тағайындалған молданы таныстырып, Бас мүфтидің бұйрығын оқып берді. Ислам дінін қарапайым адамдарға көркем түрде жеткізу, жəне Исламның құндылықтары мен артықшылығын жеткізу барша имам-молдалардың міндеті.
 
 
Қазіргі таңда діни ахуал мен ішкі тұрақтылықты, елдің бірлігі мен тыныштығын сақтауда имамның рөлі зор екені баршамызға мәлім. Сол себепті заманның талабына сай жаңа тағайындалған Бақытжан Бауыржанұлына молдалық қызметінде сəттілік тілеп, жиналған жамағатқа ауыл ақсақалдары батасын берді.
 
Ауданымыздың найб имамы Талғат Кəрібайұлы жиылған жұртшылыққа "Мұсылманның əһли кітап иелерімен қарым-қатынасы" атты тақырыпта кеңінен уағыз айтып жұма намазын жүргізді.
 
Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: