Еркебұлан - «Һибатулла Тарази» медресесінің мақтанышы

Еркебұлан - «Һибатулла Тарази» медресесінің мақтанышы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кеше Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған VІІ республикалық Құран жарысының қорытынды кешінде 30 пара Құранды толық жатқа оқу бойынша Жамбыл облысынан қатысқан «Һибатулла Тарази» медресесінің шәкірті Жахсылықов Еркебұлан Сержанұлы ІІІ орынды иеленіп,  1,5 млн. тг сыйлыққа ие болған болатын.

Республика бойынша 500-ден астам жас қарилар қатысқан бұл додада көптен суырылып шығып, жеңімпаз атану оңай болған жоқ, әрине. Еркебұланның жеңісі, бәріміздің жеңісіміз, «Һибатулла Тарази» медресесінің жеңісі, ұстаздарының еңбегінің жемісі.

Осындай жеңіске жетіп, биік белестерден көріну ең алдымен медресе ұстаздарының, медресе директоры Жұмабаев Данияр қаридың үздіксіз еңбегінің жемісі демеске болмас. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп, оны үйреткендерің», – деп өсиет қалдырған. Бұдан асқан қандай бақыт бар?!

«Һибатулла Тарази» мешіті ұжымы және медресе ұстаздары мен шәкірттері атынан Еркебұлан Сержанұлына үлкен табыс, амандық тілей отырып, алдағы уақытта бұдан да үлкен сайыстарда бақ сынасып, медресеміздің атын  елге мақтаныш ете берсін деген ниетімізді жолдаймыз. Алланың кәләмі қасиетті Құран Кәрім ақыретте шапағатшы болсын!

«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: