Балаларға базарлық

Балаларға базарлық

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Күн көзі күлімдесе ойын баласының ойынға құлшынысы артатыны белгілі. Əсіресе, ауыл балалары көшеде доп ойнап, асық атып, бір жадырап қалады. Бірақ қаланың баласы секілді арнайы ойын алаңының қызығын көре алмайтыны кімнің болсын көңілін түсіреді. Осы жайын бір сəтке ойланған Шу аудандық "Төле би" мешітіне қарасты Амангелді мешітінің молдасы Ə.Абдрайымов пен "Бірлік ауылдық мешітінің" молдасы М.Жұматаев аты аталған ауылдық мешіттердің алаңына балаларға қуаныш сыйлау мақсатында батут қойдырды.

Осы жерде ойын көрігін қыздырған балдырғандар кеш батқанша асық атып, доп теуіп жарысты, жəне балалар үшін ең бақытты сəт балмұздақ пен тəтті сусындарға, үрленген түрлі түсті шарларға қарық болды.

Осындай қайырымды игі іс-шараны ұйымдастырушы молдаларымызға балаларын ертіп келген ауыл тұрғындары дəн ризашылықтарын білдіріп алғыстарын жаудырды.
 
Шу аудандық "Төле би" мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: