Аудан тұрғындары зират маңына тазалық жұмыстарын жүргізді

Аудан тұрғындары зират маңына тазалық жұмыстарын жүргізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аллаға шүкір, тағы да көктемге аман-есен жеттік. Тазалық діннің жартысы делінген. Тек тұрған жерлерімізде ғана емес, әруақтарымыздың жатқан жерлерін де естен шығармағанымыз жөн. Ежелден келе жатқан дәстүрге сай үлкенді сыйлап, кішіге ізет, өткенге құрмет көрсетіп келген халықпыз. Міне, осыған байланысты ҚМДБ-ның тапсырмасына сай, жыл сайынғы үрдіс бойынша кеше пәни дүниеден бақи дүниеге өткен мұсылмандарды еске алып, мазарларды тазалау жұмыстары жүргізілді.

Шу аудандық «Төле би» мешітінің бас имамы Аят Алмахановтың бастамасымен, мешіт жамағаты, ауыл тұрғындары, ақсақалдардан бастап мектеп оқушыларына дейін тазалық жұмысына белсене түрде қатысып, зират алаңын қураған шөптен, құрылыс қалдықтарынан, басқада түрлі қоқыстан тазалады.

Пайғамбарымыз (с.а.у): «Қабірге зиарат етудің екі пайдасы бар. Біреуі өткен адамға жеңілдік болады десе, екіншісі біздерге өлімді еске салады»,-  деген.

Зират басын тазалағаннан кейін, ауданымыздың бас имамы Алмаханов Аят қажы , дүниеден өткен ата-бабаларымызға, апа-әжелерімізге Құран бағыштап, дұға жасады.

                                          Шу аудандық Төле би мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: