Иран үкіметі криптовалютаға тыйым салды

Иран үкіметі криптовалютаға тыйым салды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Иран үкіметі биткоин мен басқа да криптовалюталарға қатысты жүргізілетін операцияларға салынған тыйымның күшіне енгенін жариялады.

ИИР Орталық банкінің мәлімдемесінде: «Елдің барлық қаржы мемкемелері мен ақша орталықтарында биткоинді және басқа да цифрлық валютаны қолдануға тыйым салынды»,- делінген.

Естеріңізге сала кетсек, Иран үкіметі елде биткоиннің қолданыста болуына тыйым салатындығы туралы пікірін өткен жылы-ақ білдірген болатын. Бұл шешім криптовалюта лаңкестік әрекеттерді қаржыландыруға немесе «ақшаның ізін жасыру» үшін қолдану мүмкіндігіне байланысты қабылданып отыр.

Айта кету керек, Иранда валюта айырбастауға да тыйым салынғандығы өткен аптада белгілі болған.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: