Әзірбайжанда «дәстүрлі емес мешіт» жабылды

Әзірбайжанда «дәстүрлі емес мешіт» жабылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әзірбайжан құқық қорғаушылары «мешіт» деп аталып келген діни кешеннің заңсыз қызметін тоқтатты.

Аталмыш операцияны ІІМ және діни құрылымдармен жұмыс жүргізу жөніндегі Мемлекеттік комитетпен бірлесе отырып мемлекеттік қауіпсіздік қызметі жүргізді.

«МҚК, ІІМ және ДҚЖМК бірлесе отырып Алят саяжай алабында жасырын түрде орналасқан құлшылық-оқыту кешенін тапқан, аталмыш кешен дәстүрлі емес діни ағым өкілдерімен құрылған, бұл жерде өткізіліп отырған діни рәсімдерге кәмелетке толмаған балалар да қатыстырылып отырғандығы анықталған», - деп мәлімденген ведомстволардың ортақ мәлімдемесінде.

Сондай-ақ, қозғалыс қатысушылары «мешіт» деп атаған ғимаратта құқық қорғаушылар «кемсітушілікті насихаттайтын» діни әдебиеттерді тапқандығы жөнінде айтылған.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: