Мысырлық мешіттерде дауыс зорайтқыштарды қолдануға тыйым салынды

Мысырлық мешіттерде дауыс зорайтқыштарды қолдануға тыйым салынды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мысыр үкіметі мешіттерде дауыс зорайтқыштарды қолданумен күресті күшейтуге ниетті екендігін жариялады.

Естеріңізге сала кетсек, бірнеше ай бұрын Дін істері жөніндегі министр Мұхаммед Жұма құлшылық ету мен уағыздарды дауыс зорайтқыштар арқылы трансляция жасауға тыйым салған болатын, бірақ барлық діни ғибадатханалар жаңа ұйғарымды орындамай жүрген көрінеді.

Egypt Today ресурсына берген сұхбатында салыстырмалы құқықтану мен шариғат профессоры Ахмед Карим құлшылық ету кезінде дауыс зорайтқыштарды қолдану Ислам қағидаларына қайшы келеді деп атап айтқан. Дауыс зорайтқыштарды тек азан айтуда ғана қолдануға болады.

Сонымен қатар, дінге сәйкес, мешіттер қарт және науқас адамдарға, сондай-ақ, өзге дін өкілдеріне қолайсыздық тудыратын үдер шығармауы керек.

Мысыр дін мамандарының айтуына қарағанда, намазды дауыс зорайтқыштар арқылы трансляциялау жамағатпен әрі тыныштықта оқылатын намаздың мәніне қайшы келеді.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: