Ресейде Ислам банкингінің нашар дамуының себебі белгілі болды

Ресейде Ислам банкингінің нашар дамуының себебі белгілі болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ресейде Ислам банкингінің жылдам дамуына оның атауы кедергі келтіруде. Мұндай пікірді Ялта халықаралық экономикалық форумы кезінде ТАСС-қа берген сұхбатында «Ресей» банк қауымдастығы кеңесінің төрағасы Анатолий Аскаков тілге тиек еткен.

Оның айтуына қарағанда, Ресей Түркиядан үлгі алып, «Ислам банкингі» деген тұжырымдамадан бас тартуы керек, өйткені мұнда діни бүкпе мән жатыр.

«Менің ойымша, бастысы, біздің және реттеушінің психологиясы, өйткені діни бүкпе мән өз таңбасын қалдырмай қоймайды. Және де заңнамада біз былай айтамыз: «Ислам банкинг» сөзінен бас тартып, «Баламалы қаржы құралы» деп атаса да болар еді», - деп агенттік сарапшының дәйексөзін келтірген.

Естеріңізге сала кетсек, жуырда Жинақ банкі «Ислами терезелерінің» ашылғандығын жариялаған болатын.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: