БАӘ-гі әлемдегі ең қауіпсіз ел деп танылды

БАӘ-гі әлемдегі ең қауіпсіз ел деп танылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Біріккен Араб Әмірлігі ұрлық пен сексуалды алымсақтық сияқты қылмыс түрлері аз мөлшерде жасалатын әлемдегі ең қауіпсіз ел болып танылды. «Русские Эмираты» ресурсы жазғандай, бұл жөнінде елдің Ұлттық кеңес мәжілісінде БАӘ-нің Ішкі істер министрлігі мәлімдеген. Жуырда сәйкесінше бұл рейтингті халықаралық ұйымдар да жариялады.

Сауалнамаға сай Әмірліктің 98,6% тұрғындары өздерін тіпті түнгі уақыттарда да қауіпсіздікте сезінеді екен. Қауіпсіздік жағынан БАӘ Сингапурден кейінгі екінші орынға жайғасқан.

Өрт қауіпсіздігі жағынан БАӘ Жапонияны басып озып, аталмыш рейтинг бойынша бірінші орынды иеленіп отыр.

Ал жол апатынан қаза болған адамдар санының аздығы жағынан Біріккен Араб Әмірлігі жетінші орында тұр.

Сондай-ақ, БАӘ-де ЖКО бойынша өлім көрсеткіші аз, 2017 жылғы көрсеткішке сай, 100 мың адамнан 5 адам қаза болған.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: