Лауазымды қызметкердің қолын алмағаны үшін азаматтық берілмейтін болды

Лауазымды қызметкердің қолын алмағаны үшін азаматтық берілмейтін болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Франция билігі Алжирлік мұсылман келіншекке азаматтық беруден бас тартқан, себебі келіншек діни себептерге байланысты ер адамның қолын алудан бас тартыпты.

Бір қызығы, бұл оқиға төл құжатты ресми түрде тапсыру рәсімі кезінде орын алған – негізі, елдің билігі мұсылман келіншекке азаматтық беруге дайын болған екен, өйткені ол француз азаматына  тұрмысқа шыққан екен.

Өз кезегінде, келіншек префектураның бас хатшысы мен өзге де мемлекеттік қызметкерлердің оны құттықтап созған қолдарын алмаған, ал келіншектің бұл қылығын лауазымды мемлекеттік қызметкерлер «француз қоғамына интеграциялануға қабілетсіздік» деп бағалаған.

LegiFrance баспасының мәлімдеуінше, Франция азаматтығы ұлттық, атап айтқанда, еуропалық құндылықтарға құрмет көрсете білетін шетелдіктерге ғана беріледі.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: