Діни ағымдардың қоғамға келтіретін зардаптары туралы айтылды

Діни ағымдардың қоғамға келтіретін зардаптары туралы айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгінгі таңда діни экстремизм мен терроризм сөздерін естімеген адам аз шығар. Баспа немесе ғаламтор беттерінен шет елдердегі және Қазақстандағы діни ахуал, соның ішінде діни экстремизм мен терроризм тақырыптарына қатысты мәліметтер жетерлік. Бұл аталған мәселенің ғаламдық деңгейде орын алып отырғандығының белгісі.

«Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ержан Аманбаев Тараз қалалық «Жамбыл» медициналық колледжінің студенттеріне «Діни экстремизм мен діни ағымдардың қоғамға келтіретін зардаптары»  тақырыбында уағыз семинар жүргізді.

Кездесуде асыл дініміз Ислам бейбітшілік діні екенін, оның ешқандай лаңкестік әрекеттерге қатысы жоқ екендігі, жат ағымдардан сақтану үшін діни иммунитетті қалай қалыптастыру қажет,  теріс ағымды қалай ажырату керек, қыз баланың тәрбиесі туралы айтылып, сұрақтарға жауап берілді.

«Діни экстремизммен күресте ең маңызды қадам бұл діни сауаттылық екендігі даусыз. Діни сауатты болу үшін белгілі-бір діни курсты бітіру шарт емес. Діни сауаттылық ұлттық тарих, дәстүрмен қатар, әлемдік деңгейдегі үрдістерден хабардар болудан құралады. Өз Отанын сүю мен дәстүрін ұстану, тарихын қастерлеу діни сауаттылықтың бір қыры», - деп атап өтті Ержан Аманбаев.

«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: