Жомарттың жолы ашық

Жомарттың жолы ашық

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Тағалаға сансыз мадақ-мақтаулар болсын, қазіргі таңда елімізде дінімізді тереңірек түсініп парыздарын бұлжытпай орындауға тырысып бағып жүрген мұсылман қауымының саны күн санап өсуде. Бұл әрине ҚМДБ-ның имамдары тарапынан уағыз насихаттың өз деңгейінде жүргізіліп, халықтың діни сауаттылығы артып  дініміздің өркендеп келе жатқанның бірден-бір дәлелі десек болады.

Соның бір айғағы,  Шу қаласының тұрғыны Қайрат Саматұлы жомарттық танытып Шу қаласының бас имамы Қуат Дүйсенбайұлымен бірге мұқтаж 40 отбасыға 1 бас қойдан таратып Алла Тағаланың парыз еткен зекетін беріп елдің алғысына бөленді.

Бас имам мұқтаж жандарға зекеттің парыздығын жеткізіп, жомарттық жасаған Қайрат Саматұлына ақ-батасын берсе, 40 отбасы өздерінің шексіз алғыстарын білдіріп, Жаратушы Иеміздің жақсылығын тілеп, шын жүректен алғыстарын жеткізді. 

Алла Тағала осындай жаны жайсан, қолы ашық жомарт жандардың қатарын көбейтіп, жолдарын ашық қылғай.

Зекет – Исламның бес парызының бірі. Оған Абдуллаһ ибн Омардан риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Ислам бес нәрседен тұрады. (Олар:) Иман етіп, кәлима айту, намаз оқу, зекет беру, қажылыққа бару және Рамазан оразасын ұстау», – деп айтқан сөзі дәлел. Сонымен қатар, «Мал – мүліктеріңді зекетпен қорғаңдар, ауруларыңды садақамен емдеңдер және бәлеге қарсы дұға әзірлеңдер» -деген.

Шу қалалық «Жәми» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: