Құран хатым жасалды

Құран хатым жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінде шәкірттер мен ұстаздар айлық хатым Құранның кезекті жиынын өткізді. Мешіт ұстаздары хатым дұғасын оқып, қасиетті Құранның сауабын Ардақты Пайғамбарымызға (с.ғ.с) және оның отбасына, саңлақ сахабалар мен дүниеден өткен барша мүмін  мұсылмандардың рухына бағыштап, Аллахтан ахиретте медет тіледі.

Жиынға келген әжелеріміз діни сауат ашуларына қызмет етіп отырған мешіт ұжымын да ұмыт қалдырмады. Мешіт қабырғасының қалануына ықпал болған, марқұм Қеңесхан қажының ахиретіне Аллахтан шапағат тілеп, отбасына, ұрпақтарына береке - бірлік , саулық тіледі. Халқымыздың бірлігімен тыныштығына шүкір дұғасын жасаған жамағат, Аллахтан салихалы ұрпақ тілеп,тура жол сұрады. Жиын соңында әжелеріміз жамағатқа тәттілер мен шашуларын ұсынды. Ұстаздар әдеттегідей келесі айлық хатымды үлестіріп, Аллах қабыл етсін деген тілекпен тарқасты.

                   «Кеңесхан қажы» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: