Қытайда Киелі Кітаптың сатылуына тыйым салынды

Қытайда Киелі Кітаптың сатылуына тыйым салынды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бұдан былай Қытай тұрғындары Киелі Кітапты сатып ала алмайды. Қытай үкіметі христиандардың қасиетті Киелі Кітабын ғаламтор арқылы сатуға тыйым салды.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің айтуынша, бұл тыйымның жай-жапсары әзірге белгісіз. Тек ғаламтор-дүкендерінің қожайындарына Қытай мәдениет министрлігі жағынан тексерістердің жиі орын алып кеткендігі айтылған.

Айта кету керек, біршама уақыт бұрын елдің тұрақты дүкендерінде Киелі Кітаптарды сатуға тыйым салынған болатын. Христиандардың айтуына қарағанда, бұл биліктің елде христиан дінін таратуға тосқауыл қоюының кезекті бір әрекеті.

Мұндай тыйым Құран мен даосизм дінінің қасиетті мәтіндеріне қатысты емес. Дегенмен, кейінгі кезде Қытайда орын алып отырған мұсылмандарға қатысты жасалып жатқан жазалау шараларын ескеретін болсақ, жуырда мұсылмандардың қасиетті кітабы Құранға да тыйым салынуы ықтимал.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: