Рустам Минниханов Дубай билеушісімен кездесті

Рустам Минниханов Дубай билеушісімен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін VIII Жыл сайынғы инвестициялық форум аясында Татарстан президенті Рустам Минниханов Біріккен Араб Әмірлігінің вице-президенті, премьер-министрі, қорғаныс министрі, Дубай әмірлігінің билеушісі Шейх Мұхаммед бен Рашид Әл-Мактумммен кездесті.

ТР баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Минниханов Татарстан мен БАӘ-нің өзара тиімді серіктестігінің келешек дамуын атап өтіп, Дубай билеушісін Татарстанға келуге шақырған.

Айта кету керек, сондай-ақ, бүгін Рустам Минниханов пен БАӘ-нің экономика министрі Сұлтан бен Саид Әл Мансуридің басқосуы болып өткен.

«БАӘ – экономикалық байланысты дамытуда бірден-бір тиімді әріптес. Еліміздің үкіметі мен іскер шеңбері әртүрлі салада серіктестікті кеңейтуде бар күш-жігерлерін салуда. Татарстан аймақтық дәрежеде аталмыш үдерісте белсенді қатысуға дайын. Біріккен Араб Әмірліктері – аймақтағы біздің жетекші әріптесіміз», - деп атап өтті ТР президенті.

Басқосудың соңында Минниханов үстіміздегі жылдың 10-12 мамырында Қазанда өтетін 10-шы «KazanSummit» Халықаралық экономикалық саммитке қатысуға ниет білдіргені үшін алғысын айтты.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: