Ресейде мұсылмандар тұратын өңірлер ең «салауатты» деп танылды

Ресейде мұсылмандар тұратын өңірлер ең «салауатты» деп танылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі өлім-жітім көрсеткіші бойынша аймақтардың «рейтингін» жариялады. «Известия» газетінің беттерінде жарияланған мәліметте 2017 жылдың көрсеткіші келтірілген.

Сонымен, өлім-жітім көрсеткіші ең аз бес өңірге мұсылмандар тұратын өңірлер кірген. Бірінші орында – Ингушетия, мың адамға 3,2 өлім-жітім дәрежесі тіркелген, екінші орында – Шешен республикасы (4,6), үшінші орында – Ямало-Ненецкий автономиялық округі (4,9), одан әрі Дағыстан (5,1) және Ханты-Мансийский автономиялық округі (6,2).

Өлім-жітімнің ең жоғары көрсеткіші Псков облысында орын алған (мың адамға 17,4 өлімнен келеді), сондай-ақ, Новгородск (17,1), Тверск (16,9), Тульск (16,5), Ивановск (15,8) облыстары.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: