Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Францияға сапарын бастады

Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Францияға сапарын бастады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салман Францияға ресми сапарын бастады. Бұл сапары үш күнге созылады деп күтілуде.

France-Presse баспасының мәлімдеуінше, Сауд корольдігі отбасының өкілі Луврде Франция президенті Эммануэль Макронмен кешкі ас ішкен.

Француз БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, ханзада сапарының мақсаты – «Таяу Шығыстағы шиеліністің өсуіне орай екі ел байланысын нығайту».

Сонымен қатар, Франция стратегиялық талдау институтының сарапшысы Давид Ригуле-Роздың пікірінше, Сауд ханзадасының басты мақсаты – Сауд Арабиясына жаңа инвестицияларды тарту.

Оның мақсаты – қазіргі таңда Батыста көп айтылып жүрген реформалардың көмегімен «Видение-2030» жобасын «сату». Бұл реформалар Сауд Арабияны жетілген ел ретінде көрсетуі тиіс. Реформалар сәтті болуы үшін елге шетел инвестициялары қажет, ал Сауд Арабиясына инвесторлардың келуі үшін, елді реформалау қажет», – деп келтірген БАҚ өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, Сауд Арабиясында соңғы айларда бірқатар реформалар жүргізілген. Бұрында қолжетімді болмаған дүниелер іске асып жатыр, атап айтқанда, тұңғыш рет қыз-келіншектерге көлік жүргізу құқығы беріліп әрі қызметтерге тағайындалуға рұқсат етілген. Жуырда корольдікте соңғы 35 жылдғы тұңғыш кинотеатр ашылады.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: