АТТ Шу қаласында

АТТ Шу қаласында

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы, облыстық жергілікті ақпараттық насихат тобының жетекшісі Жәпек Ғалымбек Шу қаласындағы орталық  «Жәми» және «Әбу Бәкір Сыддық» мешіттерінде жамағатпен  жүздесті.

ҚМДБ-ның найб мүфтиі, Наурызбай  қажы Тағанұлының  жетекшілігімен өткен, Астана қаласындағы  ЖАНТ мен кездесу барысындағы айтылған сөздеріне тоқталып өтті. Жамағатқа ЖАНТ және АТТ-ның мақсаты мен мүддесін сөз етіп, халықтың діни сауаттылығын арттыру екендігін жеткізді. Сондай-ақ, Алла Тағалаға шүкір,  еліміз егемендігін алғаш алған жылдарда, мемлекетімізде санаулы мешіттер болса, қазіргі таңда оның саны артып сонымен қатар сапасы да көтерілді. Егемен еліміздің арқасында осындай зәулім мешіттерде құлшылығымызды қымсынбай жасап жүрген жайымыз бар. Сондықтан-да қазіргі таңда дәстүрлі Ислам дініміздің құндылықтарын жете түсініп, дін мен дәстүрді ұштастыра отыра асыл дінімізді ұстануға шақырды. Сондай-ақ қазіргі таңдағы қаптаған әр түрлі діни ағымдардан және де тексіз секталардан сақтанудың бір ғана жолы, діни білімді арттырып дәстүрлі Ислам дінін ұстану екендігін жеткізді.

Шу қалалық «Жәми» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: