Бірлік бар жерде...

Бірлік бар жерде...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық «Төле би» мешітінде және ауданымызға қарасты барлық ауыл мешіттерінде жыл сайынғы  дәстүріміз бойынша, тазалық жұмыстары жүргізілді. Аталған шараға, мешіт жамағаты, мектеп оқушылар мен  аудан және  ауыл тұрғындары белсенді түрде қатысты. 

Алла Тағала Ислам діні арқылы адамға берілген үлкен нығмет денсаулық пен тазалыққа да үлкен мән береді және қоршаған ортадағы тазалықты қолдауға шақырады. Екі жахан сардары Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)  дін бұл тазалық деп бұйырған.

Аудан жұртшылығы бір атаның баласындай мешіт алаңын қураған шөптен, құрылыс қалдықтарынан, түрлі  қоқыстардан тазартты. Сонымен қатар 50 түп алма ағашы және шие, өрік, жүзім ағаштары мен раушан гүлдері  отырғызылды.

Бірлік бар жерде тірлік бар демекші, бірлесе жасалған бұл тазалық жұмыстары көңілге қуаныш сыйлады.

                                      Шу аудандық «Төле би» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: