Истиғфар жөнінде уағыз айтылды

Истиғфар жөнінде уағыз айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сәуір айының алғашқы бейсенбісінде «Кеңесхан қажы» мешітінде апталық дастархан жайылды. Жиылған жамағатқа мешіттің Бас имамы Жұмағұл Қанат истиғфар жайында уағыз айтты.

Пенде қандай да бір күнә істеп қойғанда дереу тәубесіне келіп,  Алладан истиғфар тілеуі керек.  Жаратушының  ризалығына бөленген тақуа құлдарын Құранда былайша дәріптейді: «Олар қашан күнәлі іс істесе, не өздеріне өздері зиян келтірсе, Алла тағаланы естеріне алып, күнәларын кешіруін тілейді. Күнәні Алла тағаладан басқа ешкім кешірмейді. Олар істеген күнәларынан арылып, оны ары қарай жалғастырмайды» («Әл-Имран» сүресі, 135-аят). 

«Ол тақуа құлдар түнде аз ұйықтайды, сәресі уақыттарында үнемі истиғфар етеді» («Зарият»  сүресі, 17-18 аяттар).

Бір хадисте: «Ең үлкен дерт  күнә. Ал оның дәрісі түн ортасында тұрып истиғфар тілеу» делінген.

Тәубе мен истиғфар – құлды Аллаға жақындататын ең әсерлі жолдардың бірі. Аллаға бетбұруда және жүректің рухани дәрежеге жетуінде өзіндік маңызы бар истиғфар рухани кірлерден тазаланудың бірден-бір жолы. Қабыл болған тәубе құл мен Раббысы арасындағы бөгеттерді бұзып, Алланың сүйіспеншілігіне бөлейді. Бұл жайында Алла тағала   пенделеріне былайша сүйіншілейді: «Күмәнсіз, Алла көп тәубе етушілер мен көп тазаланушыларды жақсы көреді» («Бақара»  сүресі, 222-аят).

Шынайы тәубе етуші құлдардың қатарында болуымызға жазғай! 

«Кеңесхан қажы» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: