Өкіл имам түлектермен кездесті

Өкіл имам түлектермен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті жоғары білімді исламтанушылар, дінтанушылар, араб тілі мамандарын көп сатылы жүйеде – бакалавр, магистратура, phd докторантура бойынша даярлайтын еліміздегі бірегей оқу ордасы. Осы діни оқу орнын бітірген студенттер еліміздің дін саласында тың бастамалар көтеріп, аянбай еңбек етіп жүр.  

Кеше ҚМДБ-ның өкіл имамдары «Нұр-Мүбарак»  университетінің биылғы жылы бітіретін түлектерімен арнайы кездесу өткізген болатын.  

Кездесуге облысымыздың өкіл имамы, медресе директоры Данияр қажы Әлимұхаммедұлы да қатысты.  «Һибатулла Тарази» медресесін бітіріп, «Нұр-Мүбарак» университетінде оқып жатқан 14 түлекпен арнайы кездесіп қайты.

Кездесу барысында ЖОО бітірген жас мамандарды жұмыспен қамтамасыз ету, өз ісінің білікті маманы, дін саласының мықты қызметкері болуыларына қолдау көрсету мәселесі талқыланды.

Жалпы «Һибатулла Тарази» медресесін осы уақытқа дейін 34 шәкірт бітіріп шыққан болатын. Бүгінгі күні медреседе  қырықтан аса шәкіріт білім алуда.

«Һибатулла Тарази» метінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: