Құранды жатқа және мәнерлеп оқудан іріктеу сайысы өтеді

Құранды жатқа және мәнерлеп оқудан іріктеу сайысы өтеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құрметті жамағат! 2018 жылдың наурыз айының 29 күні, сағат 09:00-де   Орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан VII Республикалық байқауға» Жамбыл облысы бойынша іріктеу сайысы өтетіндігін хабарлаймыз.  

Іріктеу сайысы:

Құранды толық жатқа оқу (30 пара);

Құранның 20 парасын жатқа оқу;

Құранның 10 парасын жатқа оқу;

Құранды мәнерлеп оқу  

номинациясы бойынша өтеді.

Бұл игі бастама жылда өткізіліп тұратындықтан, осы шараның арқасында халық арасында Алланың кәләмі қасиетті Құран Кәрімге деген махаббат пен сүйіспеншілік, құрмет орнай бастағаны белгілі.  Ардақты Алла Елшісі (с.ғ.с.) «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп оны үйреткендерің», (Бұхари),  және «Құраннан бір әріп оқыған адамға бір жақсылық жазылады. Ал әрбір жақсылықтың сауабы он еселенеді. Мен «Әлиф, ләм, мим» бір әріп деп айтпаймын. Әлиф – бір әріп, ләм – бір әріп, мим – бір әріп». (Тирмизи), - деген.

Сайысқа қатысу барлық үміткерлерге сәттілік тілейміз!

«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: