Мешітке күрделі құрылыс жұмыстары жүргізілді

Мешітке күрделі құрылыс жұмыстары жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Байзақ баба» мешітінде күрделі құрылыс жұмыстары жасалып, мешіттің іші толықтай жаңартылды. Қабырғалары жаңадан сыланып, түрлі лактар жағылды. Мешітке жаңа еден құйылып, тегістелді. Жарық беру құрылғылары қойылып, мешіттің іші жарқырай түсті.

Бастапқы кезде тұрған михрабтың орны өзгертіліп, құбыла тарапына қаратылып, орны түзетілді. Жаңадан екі дыбыс күшейткіш құрылғысы орнатылды. Кіші залдың төбесіне керме төбелер (натяжной потолок) тартылды. Мешіттің шатыры жөндеуден өтіп, бір бөлігіне жаңа шатыр қойылды. Осы құрылыс жұмысының барлығын ұйымдастырушы «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Азизов Рамиз қажыға мешіт жамағаты өз алғыстары мен ризашылықтарын білдірді.

«Байзақ баба» мешітінің Баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: