Имам-молдалар дөңгелек үстелде бас қосты

Имам-молдалар дөңгелек үстелде бас қосты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық «Төле би» мешітінде ауданның бас имамы Алмаханов Аят қажы  ауданға қарасты барлық ауыл имам-молдаларымен кезекті жиналыс өткізді.

Жиын барысында имам-молдаларға ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігі «Һибатулла Тарази» мешіті тарапынан жіберілген жаназа және жерлеу рәсімдеріне  қатысты хатпен таныстырып, бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Мәйітті жерлеу діни рәсіміне қатысты жетісі, қырқы, жылдық асы, марқұмның әруағына Құран бағыштау, т.б. рәсімдерді бірізділікке келтіру туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, ауыл имам-молдаларына жоғарыда айтылған діни рәсімдерге қатысты ауылдарда ақсақалдар мен ардагерлердің басын қосып арнайы жиналыс өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуін тапсырды. 

Жиын соңында бас имам Алмаханов Аят қажы ауыл имам-молдаларына ҚМДБ-ның жоспарына сай жүктелген жұмыстарын өз деңгейінде және ұқыпты  атқаруларын тапсырып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

 Шу аудандық  «Төле би» мешітінің  Баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: