Экстремизм мен терроризмге жол жоқ

Экстремизм мен терроризмге жол жоқ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Байзақ ауданындағы  «Әл Фараби» мәдениет үйінде «Діни экстремизм мен терроризмге жол жоқ» тақырыбында семинар өтті. Мәдениет үйіне Байзақ ауданының имам-молдалары түгелдей қатысты.  Дінтану пәні бойынша мұғалімдер де келіп, айтылған уағыз насихаттарын тыңдап кетті. Алғашқы сөзді алған Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» инспекторы  Б. Алпысбаев ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясатының  2017-2020  жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі міндеттеріне кеңінен тоқталды.

Жамбыл облысы әкімдігі «Оңалту орталығының» бөлім басшысы А.Балхолжаев  жат ағымның  жетегінде  кеткен қандастарымызды кері қайтару бағытында жүргізілетін жұмыстардың тәсілдерін айтып, отбасында ата-ана баласына дұрыс тәрбие беру, дәстүрлі емес діни ағымдағы азаматтарды шеттетпей, ішке тарту, қоғамға бейімдеу керектігін айта кетті.

«Байзақ баба» мешітінің найб имамы А. Каримбаев жастар ғаламтор желілері арқылы теріс идеологиялардың арбауына тез ілінетін болғандықтан, кереғар діни уағыздарға тосқауыл қоюдың қажеттілігін алға тартты. Семинарға қатысушы адамдар өз көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, алған жауаптарына қанағаттанып кетті.

«Байзақ баба» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: