Шулықтар келелі кездесуде бас қосты

Шулықтар келелі кездесуде бас қосты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Шу аудандық "Төле би" мешітінде ауданымыздың бас имамы Аят Дыбысұлының ұйытқы болуымен, ерекше дәстүрге айналған айлық дастархан уағызы ұйымдастырылды. Бұл игі отырысты ұйымдастырудағы мақсатымыз, ел болашағы жастарды, келер ұрпақ иманды, инабатты, білімді де білікті, үлкенін құрметтеп, кішіге ізеттілік  көрсетулерін үйрету деді,  аудан бас имамы.

Дастархан басына жиылған жамағатқа ауданымыздың бас имамы қасиетті Ережеп айының қадір-қасиеті жайында, Ұлыстың ұлы күні наурызға дәлме дәл келіп түскен Ережеп айы баршамызға құтты, баянды болсын, - деген ізгі тілегін жеткізді. Осы күні, яғни наурыз айының 19 жұлдызы дүйсенбі күні сәресі ішіп, ауыз бекіткеніміз абзал. Қасиетті ережеп айында көбірек құлшылық ғибадат етіп қалайық.  Дүниеден өткен ата-бабаларымызға Құран бағыштап, еліміз үшін, жеріміз үшін, келер ұрпақ жастарға дұға қылып, жетім жесірлерге, жағдайы төмен отбасыларына көмек қол ұшымызды созып, туған туысқандарымызды зиярат қылдып, қал жағдай сұрасып, ренжіген жандар бір-бірлерін кешіріп, қол алып төс қағысқаны жөн деп сөзін тамамдап, дүниеден өткен ата-бабаларымызға Құран оқып, бата жасады.

Осындай игі іске дән риза болған аудан жұртшылығы алғыс айтып, тарасты.

                                                    Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: