Қордай имамдары кезекті алқалы жиналыс өткізді

Қордай имамдары кезекті алқалы жиналыс өткізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы бойынша қызмет атқарып жатқан дін қызметкерлері аудандық мешітте өткен алқалы жиында бас қосты.

Жиында аудан бас имамы Д.Жандосұлы ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы  Жұмабаев Данияр мырзаның төрағалығымен өткен жиналыста көтерілген мәселелерді жергілікті дін қызметкерлеріне жеткізді.

Бүгінгі таңдағы өзекті және күрделі жайт діни рәсімдердегі бірізділік мәселесі бойынша қабылданған шешімдердің маңыздылығын түсіндірген Д.Жандосұлы, ауыл тұрғындарымен, ақсақалдар кеңесімен бірлесе жұмыс атқаруды тапсырды.

Сондай-ақ, Бас Мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы 2018 жылды «Ислам және отбасы» жылы деп жарияланғанына байланысты отбасы институтын нығайту үшін дін мен дәстүрді сабақтастыра отырып іс-шаралар атқарылу керектігін міндеттеді. Жастармен тығыз қарым-қатынас орнату, олардың жат ағымдардың жетегінде кетпеу үшін иммунитет қалыптастыру, діни сауатын ашу кезек күттірмес мәселе екенін жеткізген бас имам әр ауыл имамдарының осы бағытта атқарар жұмыстарының маңыздылығын ашықтады.

Колледждер мен лицейлер орналасқан ауыл имамдарына арнайы тапсырмалар жүктелді. Бесін және ақшам намаздарында ҚМДБ бекіткен кесте бойынша атқарылған жұмыстар пысықталып, аталмыш тапсырманың орындалуын қадағаланған бас имам кейбір елді мекен имамдарына сын-пікір айтты.

Уағыз айту барысында белсенділік танытқан және ҚМДБ тапсырмаларын 1 тоқсан қорытындысы бойынша уақытылы және сапалы орындағын «Қақпатас» ауылдық мешітінің имамы Ж.Танекеевке бас имам Д.Жандосұлы демеушілер тарапынан 20 000 теңге сыйақы тапсырды.

Келе жатқан қасиетті үш айды қайырымдылық шараларын жиі ұйымдастыру, Рамазан айына қазірден бастап дайындық, ҚМДБ оқу орындарына талапкерлер дайындау мәселелері де көтеріліп, нақты тапсырмалар берілді. Көктемгі абаттандыру жұмыстарын да қолға алу тапсырылды. Алқалы жиын ақсақал имамдардың батасымен аяқталды. 

Аудандық «Қордай» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: