Облыс және қала әкімі мешіт аумағына ағаш отырғызды

Облыс және қала әкімі мешіт аумағына ағаш отырғызды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз – жасыл желекті қала. Қаланың көркіне көрік қосу үшін көптеген тындырымды жұмыстар қолға алынуда. Қазақта «жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді» деген тәмсіл сөз бар. Көктемнің шуақты күндерінің басталуымен елімізде көгалдандыру жұмыстары жүргізіле бастайды.  

Бүгін облыс әкімі Мырзахметов Асқар мырзаның және Тараз қаласының әкімі Рүстем Дәулет мырзаның  басшылық етуімен «Һибатулла Тарази» мешітінің оң жақ қапталына 183 түп ағаш отырғызылды.

 Сенбілік шараға  облыстық мекемелердің қызметкерлері және облыстық ақсақалдар кеңесінен қариялар және «Һибатулла Тарази» мешітінің қызметкерлері, сонынмен қатар ЖОО студенттері  де қатысты.  

 Облыс әкімінің басшылығымен декоративті катальпа, көріктал (дерен сибирика), бөртегүл (сирень) және жай жапырақты жалпы саны 183 түп ағаш көшеттері отырғызылды.

 Сенбіліктің мақсаты өзіміз өмір сүріп жатқан көне шаһар Таразды көгалдандырып, көркейту. Осындай жүйелі жұмыстың нәтижесінде дені сау ұрпақ, баянды болашақ  қалыптасады.  Қаланың таза да көрікті болуы үшін мұндай жалпы қалалық сенбіліктер алдағы уақытта да жалғасын табады.

«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: