Игілікке толы уағыздар айтылды

Игілікке толы уағыздар айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аптаның әр сенбісі күні «Һибатулла Тарази» мешіті қыздар сауат ашу курсындағы әйел жамағатына кестеге сай уағыз өткізіліп тұрады.   

Бұл жолы «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Жапек Ғалымбек «Аллаға иман» тақырыбында уағыз жүргізіп: «Иманның алты шартының біріншісі – Аллаға иман келтіру. Айналамызға көз жіберсек, әр нәрсенің өздігінен болмағандығын аңғарамыз. Шебер жасалған өнер туындысы, оны істеген бір ұстаның бар екендігін білдіреді. Олай болса, өте нәзік жүйелі түрде құрылып, таңғаларлық жүйеде істеп тұрған әлемді, тамаша өнер туындысы болған адамды жаратқан бір жаратушы бар. Ол жаратушы, шексіз күш-құдірет иесі – Алла. Біздің міндетіміз: бізді жаратып, өмір сыйлаған Аллаға иман келтіріп, шын көңілімізбен бойұсыну. Шынайы иман келтіріп, Хақ жаратушыны тануымыз үшін әуелі сипаттарын үйренуіміз қажет», - екенін атап өтті.

Ислам өз тәлімдерінің бір бөлігін тамақтың тазалығына арнады және осыған байланысты кеңестер де берген.  Дінімізде тамақтану жайлы нұсқауларында тағы бір тақырып бар. Ол тамақтану әдебіне байланысты. Ислам бойынша тамақтану әдебіне көңіл бөлу өте маңызды. Дәл осы мәселеге арқау болатын «Тамақ ішу әдептері» тақырыбында мешітіміздің наиб имамы Амреев Бахтияр тамаша уағыз айтып,  тамақ ішу кезінде әдепті сақтау адам денсаулығына әсер етіп қана қоймай, тәрбие мен мінез-құлықтың өте маңызды нүктелерін көрсететіндігін атап өтті.  

Ал «Әйелдер-қыздар» секторының облысымыздағы өкілі Үсенова Зейнеп «Достық пен дін бауырмашылдығы» туралы насихат айтты. «Расында дінімізде бауырмалдық пен сыйластыққа аса мән берілген.  Адам баласының бойына ең қажетті мейірімділік пен сүйіспеншілік, өзара сыйластық пен кеңпейілділік және тағы да басқа құндылықтарды топтастыратын маңызды қасиеттің бірі – бауырмалдық. Бұл қасиеттің әсіресе, асыл дініміздегі орны өте ерекше. Дінімізде мұсылман мұсылманның бауыры, ол оған еш уақытта тілімен де, қолымен де жаманшылық жасамайды, келеке етпейді, малына, арына сұқтанбайды. Бұл иләһи қағида, Исламдағы ең ұлы ұғымдардың бірі», - деген керемет сөздермен жамағат арасында үнемі осындай татулық пен бауырмалдық орын ала берсін деген игі тілегін жеткізді.  

«Жаратушы Иеміз біздерге сансыз нығметтер мен жақсылықтарды нәсіп етті. Кез келген өзімізге берілген нығмет Хақ Тағаладан екені ақиқат.  Қасиетті Құран Кәрімнің «Нахл» сүресінің 53-аятында: «Сендердегі әр бір нығмет Алладан», - деп еске салады. Демек, адам баласы көзге көрінетін әрі көмескі көрінбейтін нығметтерге әруақыт бөлену үстінде». Мешітіміздің әйел жамағатының ұстазы Алдасаева Гүлжан ханым  «Аллаға шүкір ету» тақырыбында осындай сөз қозғап, жиналған жамағатқа шүкір етудің маңызы мен пайдасы туралы мәнді де мағыналы насихат айтты.

Көптеген адамның жүрегіне әсер берген дәл осындай рухани пайдасы бар уағыз-насихат жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ!

«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: