Қайырымдылық жәрмеңкесі жалғасын табуда

Қайырымдылық жәрмеңкесі жалғасын табуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Талай жақсылықтардың жаршысына айналған, киелі шаһардағы  рухани орда, Алланың  үйі «Һибатулла Тарази» мешітінде осы уақытқа дейін біршама игі істер атқарылып, көпшіліктің жанына мейірімділік пен бауырмалдықтың нұрын шашқан еді, шаша да бермек.

Медресе ұстаздарының ұйымдастыруымен және сауат ашу курсында дәріс алатын әйел шәкірттердің және әйел жамағатының  белсене атсалысуымен аптаның әр жұма күнінде мешіт алдында қайырымдылық жәрмеңкесі өтетінін бұрындары да хабарлаған болатынбыз. Бұл сауапты іс осы аптада да өз жалғасын тапты.

Жәрмеңкеде шәкірттердің өз қолдарынан шыққан түрлі кондитерлік тәттілер мен  тағамдар ұсынылып, сатылды. Сатылымнан түскен барлық қаражат алдағы уақытта мүгедек жандар мен тұрмысы төмен отбасыларға берілетін болады.

Осындай қайырымдылық шарасына атсалысқан барлық ізгі жандарға мешіт атынан алғыс айтамыз.

«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: